Тасбаев Ізтұрған Молдабекұлы
Тасбаев Ізтұрған Молдабекұлы 1960 жылы 25 тамызда Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесінде дүниеге келді. Ұлты-қазақ.
1967-77 жылдар аралығында В.Г. Белинский атындағы орта мектебінде оқып, бітірген.
1977 жылы Алматы қаласындағы В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау» мамандығы бойынша оқып, 1982 жылы «Тау кен инженері» біліктілігін алып шықты.
1981 жылдың маусым айынан бастап үшінші разрядты бұрғышы көмекшісі болып мұнай-газ саласынан тәжірибе алып, алғашқы еңбек жолын бастады.
1982-1984 жылдар аралығында әскери борышын Калинградта атқарған.
1984 жылы Доссор кентіндегі ПТУ-2 оқу орнына өндірістік оқыту шебері болып жұмысқа қабылданды.
1994-1995 жылдары аралығында директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарды.
1995-2001 жылдар аралығында СПТУ-2 оқу орнында өндірістік оқыту шебері, 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2001 жылдың қараша айынан бастап ПТШ-2 оқу орнында барлық қаражаттық және заңгерлік құжаттарда бірінші қол қою құқығымен директор болып тағайындалды. Осы уақытқа дейін директор міндетін атқарып келеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғысы; 2010 ж. Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің алғыс хаты; 2012ж. «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгі; Доссор мұнай кен орнына 100 жыл ескерткіш белгісі; 2015 жылы «Қазақстан Мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі; 2015 жылы ҚР Президентінің алғысымен марапатталды.
Отбасылы.
Сұрақ қою