Атауы Жүктеу
1 Аккредиттеу туралы куәлік 

 

Колледжді аккредиттеу туралы ақпарат

«Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі» КМҚК 15 мамандық бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын өзіндік тарихы бар Қазақстан мұнайының бастауы болған мұнайлы елдің қарашаңырағы Доссор кентінде орналасқан оқу орны.

Колледж 2020 жылдың 10 шілдесінде 6 мамандық бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

 

Аккредиттеу процедура  не үшін қажет:

  • білім беру қызметтері мен мамандарды даярлау сапасына адалдығын көрсету;
  • білім беру бағдарламалары мен мамандарды даярлау сапасының тәуелсіз бағасын алу;
  • білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар алу;
  • білім беру ұйымының мәртебесін растайтын аккредиттеу туралы куәлік алу;
  • қазақстандық білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

 

Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткені туралы сертификаттар білім беру қызметінің жоғары тұрақтылығы мен сапасының орнықтылығының кепілі болып табылады, білім беру қызметтері нарығында бәсекелестік артықшылықтарды сақтауға мүмкіндік береді.

 

Аккредиттеудің  тәуелсіз қазақстандық орталығының шешімі бойынша:

  1. Институционалдық аккредиттеу шеңберінде «МАҚАТ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 5 жыл мерзімге аккредиттелсін,

 

институционалдық аккредиттеудің жарамдылық мерзімі 10.07.2020 ж. – 09.07.2025 ж.;

 

  1. Мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде 5 жыл мерзімге білім беру бағдарламаларын аккредиттеу:

 

  1. 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
  2. 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» (бейін бойынша)
  3. 1013000 «Механикалық өңдеу, өлшеу - бақылау құралдары және өндірістегі автоматика»
  4. 1114000 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша)
  5. 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»
  6. 0910000 «Электр және электромеханикалық жабдықтар» (түрлері бойынша)

 

мамандандырылған аккредиттеудің жарамдылық мерзімі 10.07.2020 ж. – 09.07.2025 ж.