№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | Стратегиялық даму жоспары | ![]() |
Миссия
Колледжде жүзеге асырылатын іс – қызметтер мен үдерістерді басқаруға жүйелілік тұрғыдан қарау арқылы озық технология мен инновацияны меңгерген, еңбек нарығында сұрансқа ие кәсіби мамандарды дайындау
Пайымдауы
«Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі» өзінің білім беру бағдарламаларының барлық аспектілерінде артықшылыққа қол жеткізуге ұмтылады, бүгінгі және ертең экономика мен қоғам алдында тұрған міндеттер үшін жаңашыл білім беру және зерттеу шешімдерін ұсынады
Стратегиялық мақсаттар:
- Білім алушыларға жоғары сапалы, практикалық-бағдарлы білім беру, олардың табысты мансабын қамтамасыз ететін дағдыларымен қаруландыру
- Жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу
- Алдыңғы қатарлы техникалық білім беруде колледждің беделін ілгерілету
- Мамандық бойынша чемпионаттарға қатысып, жоғарғы жағдайға қол жеткізу
- Колледжде кәсіпкерліктің мәдениеті мен ортасын дамыту
- Өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестік қатынастарды күшейту
- Білім беру қызметінің халықаралық стандарты сапасына сай және талапкерлердің барлық үдеуші талабы мен күтуіне жауап беретін білім беру қызметін көрсетуге әзірлігі мен қабілеттілігі;
- Экономиканың әр түрлі сфераларына кәсіби мамандарды даярлау;
- Оқытудың инновациялық технологиялар мен әдістерін енгізу
Миссия: Еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыратын, өз мамандығын жетік меңгерген, құзыретті, кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіретін мамандар даярлау.
Ұстанымдары:
- Инженер – педагог қызметкерлердің ғылыми әдістемелік әлеуетін арттыру
- Дуальды оқыту жүйесін жандандыру
- Білім беру бағдарламаларының өзектілігін қамтамасыз ету
- Түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өндіріспен қарым – қатынасты дамыту
- Озат тәжірибені жинақтау, педагогтардың шығармашылық қабілетін дамыту, педагогикалық құзіреттіліктерін қалыптастыру, жаңа заманға сай педагог арқылы сапалы білім мен саналы тәрбие алған жеке тұлға қалыптастыру