Хабарландыру
Құрметті Атырау обылысының тұрғындары!!! Мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай алуға мүмкіндік беретін электрондық ресурсы - Атырау облысының Мемлекеттік қызметтер порталы жұмыс жасауда. Енді сізге өтініш беріп, қажетті қызметті алу үшін ХҚКО-ға, әкімдікке және басқа да мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ. Бұл ресурсты іске асыру қызмет көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ететін, қызметтерді ұсыну уақытын қысқартып, ведомствоаралық үйлестіру процесін жеңілдететін «бір терезе» қағидаттарын қолданатын шешімдерге негізделген. Сондай - ақ, бұл қызмет қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде мемлекеттік органдарға жүгінулерінің қозғалысын бақылауға және нәтижелерді электронды түрде алуға мүмкіндік береді.
e-qyzmetter.kz порталы арқылы Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері:
- «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
- «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру»;
- «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау».
Порталға сілтеме: e-qyzmetter.kz