2022 жылдың 4 маусым күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс - шара өткізді.
Бұл іс - шараның басты мақсаты: жастарды қазақстандық патриотизмге, елін - жерін сүюге баулу және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Салтанатты іс - шараның ашу рәсімінде колледж басшысы Ізтұрған Молдабекұлы атақты күнмен құттықтай отырып, мемлекеттік рәміздер Қазақстанның тарихи байлығын, халықтың үміті мен ұмтылыстарын бейнелейтінін атап өтті.
Колледж қабырғасында өткен жиынға Доссор кенті әкім ақпараты бас маман заңгері Нұргүл Ғазизқызы қатысты.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың көк туының астындағы бақытты да бейбіт күндеріміз көп болсын!