Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Тіл мен тарих - ғасырлар куәсі» тақырыбындағы гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы жалғасуда.

Бағдарлама бойынша «Тарихыңды таны - тұлғаңды құрметте» тақырыбымен танымдық сағат, «Салауатты өмір салтын қалай қалыптастырамыз»

дебат, волейболдан жолдастық кездесу және «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбымен жергілікті ақын Қуат Мыңтұрғановпен кездесу кеші өтті.