Колледжімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты суреттер сайысы өткізілді. Тақырыптың мағынасын ашу үшін ортақ ойларын суреттер арқылы жеткізді. Үздік қорғалған суреттер бағаланып, 1 курс студенті Нұрберген Нұрқанат, 2 курс студенттері Мамыт Мансур, Мергенбай Рамазан, 3 курс студенті Хамит Арсеннің туындылары ерекше көзге түсіп, алғыс хаттармен марапатталды.