Ағымдағы жылдың 26-сәуірде колледж психологі Айгерім Шайхидинқызы және топ жетекші Гүлжайна Мыңбайқызының жетекшілігімен колледж еріктілері Мақат ауданы, Доссор кентінде орналасқан Байбақты ата кесенесі басына барды. Ардақты ер, батыр баба Байбақты атаға арнайы тәу етіп, айналасындағы көгалдандыру, тазарту жұмыстарына көмектесті.