1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Мерекеге орай, топ жетекші Алтын Айтмұханқызының ұйымдастыруымен білім алушылар "Қазақстан-достық мекені" атты тақырыпта мерекелік кеш өткізілді. Шарада ұлттардың ынтымақтастығын, бірлігін дәріптейтін сахналық көріністер, ән мен жырлар, билер көрсетілді.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!