«7-мамыр – Отан қорғаушылар күні». Колледжімізде мерекеге орай, АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Е.Шариповтің жетекшілігімен «Жас сарбаз» үйірмесінің білім алушылары «Менің Бақытым – менің Қазақстаным!» тақырыбында челлендж ұйымдастырды. Шарада болашақ отан қорғаушылар саптық дайындық, саптық жүріс түрлерін көрсетті.