Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 15 мамыр Отбасы күніне арналған студенттерді отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 211 топ және 216 топ студенттерінің және топ жетекшісі Утегенова Айгерим Умарқызының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.
Кеш қонақтары Доссор кенті әкімінің аппаратының жанынан құрылған Аналар кеңесінің төрайымы Қадырғалиева Алмара Айтқалиқызы, колледжіміздің зейнеткері Абдешова Қойсын Ғилымғалиқызы, Аналар кеңесінің мүшесі Куккузова Гүлсім Ізтілеуқызы, Аналар кеңесінің мүшесі Сатмағамбетова Даржан Ғаниқызы. Ардагер ұстаздар кейінгі ұрпақтарға тәлім тәрбиесін үйретіп, мереке қарсаңында жылы лебіздерін білдірді. Кеш соңы ардагер ұстаздар, ата-аналар мен студенттер естелік фотоға түсті.