Лудомания - адам өмірінде негативті тұрғыдан басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы.
Құмар ойындарының адам өмірінің құрдымға кетуіне ықпал ететінін нақты ұғынуға тиіспіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төралығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері жан-жақты талқыланған болатын.
Ел Президенті өз сөзінде: "Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады.Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс" - деп атап өткен болатын. Ел болып бесігімізді түзетеміз десек түрлі құмар ойындарынан аулақ болайық!