Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде индустриялық кеңес отырысы болып өтті. Индустриялық кеңес қызметінің негізгі қызметінің бірі - білім беру мекемесіне кәсіпорындарды тарту болып табылады. Кеңес отырысына әлеуметтік серіктестер, мүдделі мемлекеттік бөлімдер, ата-аналар комитеті қатынасты. Мұнда өткен уақыт ішінде атқарылған жұмыс есебі тыңдалып, білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы қаралып, басқа да мәселелер талқыланды. Сонымен қатар сала кәсіпорындарымен қарым-қатынасты дамыту мақсатында, әлеуметтік серіктестермен, атап айтқанда «Өнерпаз» ЖШС, «Доссормұнаймаш» ЖШС меморандумға қол қойылды.