Мазмұны:
- Мақсаты
- Қолдану саласы
- Терминдер мен қысқартулар
- Жауапкершілігі мен өкілеттілігі
- Сипатттама
- Құжаттама
- Сілтемелер
- Жалпы ережелер
- Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі КМҚК оқуға қабылдаудың (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және колледжге (оқушыларды) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.
- Колледжге негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
- Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпан №264 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.
- Оқуға қабылдаудың тәртібі
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу
- Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі КМҚҚ оқуға түсушілердің өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледж директорының бұйрығымен қабылдау комиссиясы(бұдан әрі - комиссия) құрылады. Комиссия өз жұмысын 1 маусымнан бастайды.
Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
- Колледждің қабылдау комиссиясының өңірлерге барып оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері облыстық білім беру басқармасының келісімі бойынша шешіледі.
- Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.
- Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі КМҚҚ оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 25 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 25 қыркүйек аралығында;
2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында.
- Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 6 суретті қоса береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын - босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман - оралман куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
- Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша :
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі КМҚҚ түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.
Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.
12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді.
- Орта буын мамандарын даярлауда Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі КМҚҚ оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 25 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың сырттай нысанына 20 қыркүйек бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 25 тамыз бен 28 тамыз аралығында өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» - 8 балл, «4» - 17 балл, «5» - 25 балдарға ауыстырады.
- Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі КМҚҚ апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.
Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.
- Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
- Білім алушылар құрамына қабылдау
- Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі КМҚҚ білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) күндізгі оқу нысанына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
2) оқудың сырттай нысанына - 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі.
Конкурс кезінде:
жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталғандар;
республикалық және облыстық конкурстар мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталғандар;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
І және ІІ топтағы мүгедектер, медициналық-әлеуметтік сараптама тұжырымына сәйкес оқу орындарында оқуға қайшы келмейтін бала кезінен мүгедектер, үздік білімі туралы құжаттары бар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) азаматтар басым құқыққа ие болады.
Қабылдау квотасы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 24-1) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен іске асыру мақсатында оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері
1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1 пайыз;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2 пайыз;
3) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз.
- Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.
3.Терминдер мен қысқартулар
3.1. Негізгі процесте қолданылатын ұғымдар мен анықтамалар ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа басқару жүйесі» Негізгі ережелер және аудармалар талаптарына сәйкес. Сонымен қатар Сапаны басқару жүйелерінің жазбаларын басқару СМЖ/07.ҚЕ 04 көрсетілген терминдер қолданылады.
- Қысқартулар
Құрастыруда және құжаттамаларды басқаруда орфография ережелерімен қарастырылған қысқартулар қолданылады:
Д – директор
ҚК – қабылдау комиссиясы
ҚКХ – қабылдау комиссиясының хатшысы
ОТП – оқу-тәрбие процессі
ДТІЖО – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
- Жауапкершілік және өкілеттілік
4.1 Сызба блок
Оқуға қабылдау комиссиясының жұмысы 1 - кестеде көрсетілген.
Кесте 1 – Жауапкершілігі және өкілеттілігі
5.Сипаттама
- Жалпы ереже
5.1.1.Әрбір оқу жылының 2-жартысынан бастап, кәсіптік бағдарлау жұмыстары ұйымдастырылады. Жоспары жасақталып,оқуға қабылдау комиссиясы құрылады.
5.2Кіріс және шығыс процестерінің құрамына және ресурстарға қойылатын талаптар
5.2.1. Кіріс мәліметтері: Оқуға қабылдау туралы ереже
5.2.2. Шығыс мәліметтері: Бұйрық
5.2.3. Ұйымдастыру және кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу
5.3. Ұйымдастыру және оқуға қабылдау
- Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру
5.3.2. Кәсіптік бағдарлау
Өткізу талаптары:
Аудан көлеміндегі негізгі мектепті бітірушілер санын анықтау, 9-сынып оқушылары арасында мониторинг өткізу. Оқушылардың маманддыққа сұранысын анықтау.
Тапсырмалар:
- видеоролик әлде слайд-шоу түрінде Мақат мұнай және газ технологиялық колледждің
презентациясын өткізу (5 минут)
- «Ашық есік» күндерін, экскурсиялар өткізу
- материалдар (жоспар, хаттамалар, сценарийлер, фото/видеоматериалдар, сауалнама)
5.3.3. Комиссия құрамы:
І. Тасбаев – төрағасы, директор
А. Дадахова - директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
К. Кайрлгужиева – хатшы
Г.Нуркасимова – өндірістік оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары
М. Әлімбаева - психолог
А. Нуркасимова – медбике
5.3.4. Өткізу талаптары:
- Комиссия мүшелері оқушылар құжаттарын қабылдайды.
- Қабылдау сынақтары өткізіледі.
- Оқушылар қатарына қабылданады.
- ДТЖЖО қолы қойылып, комиссия отырысының хаттамасы толтырылады.
5.4 Үрдіс тәуекелінің сәйкестілігі
№ |
Сәйкестендірілген тәуекел |
Тәуекелді ескерту шаралары |
1. |
Мемлекеттік тапсырыстың орындалмауы |
Д және ДТЖЖО тарапынан бақылауды күшейту, қосымша кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу |
5.5 Нәтиже критерийі
150 оқушыдан кем жинамау
5.6 Процесті басқару және бағалау әдістері
5.6.1 Д тарапынан бақылау.
6. Сілтемелер
Мақат мұнай және газ технологиялық колледждің 2015-2020 жж. арналған жоспары ( ж.); стратегиялық жоспары.
ҚР “Білім беру туралы” заңы, 27 шілде 2007 ж. № 320 –ІІІ;
ҚР “ҚР-дағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы” заңы, 7 шілде 2004 ж. № 581;
ҚР-дағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтар №130 қаулы
Оқуға қабылдау ережесі
1-қосымша
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі КМҚҚ
оқуға түсуге берілетін өтініштің үлгісі
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі
(оқу орнының атауы)
Азамат (ша)___________________________________________________________________
(аты, тегі, әкесінің)
_____________________________________________________________________________
___________________________________ туған, ұлты________________________________
(жылы, күні, айы)
тұратын______________________________________________________________________
(тұрақты тіркелу мекен-жайы)
_____________________________________________________________________________
бітірген ______________________________________________________________________
(бітірген жылы, оқу орнының атауы)
_____________________________________________________________________________
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері сериясы_________сертификат №________________ (көрсеткен кезде)
ӨТІНІШ
Мені колледждің _________________________________________________ мамандығы _______________________________________________________________ мамандандыруы бойынша күндізгі, кешкі, сырттай оқуға (астын сызу) түсу үшін түсу емтихандарына жіберуіңізді сұраймын.
Қабылдау ережелерімен түсу емтихандарысыз (конкурстан тыс) қабылдануға құқығым бар, өйткені ___________________________________________________________________
(негіздеме көрсетіледі)
_____________________________________________________________________________
Мектепте (кәсіптік лицейде) ________________________________ шетел тілін оқыдым
Жұмыс орны, лауазымы (кәсібі) және колледжге түсу кезінде жалпы жұмыс өтілі_________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Жатақхана қажет, қажет емес (астын сызу керек)
Өзім туралы қосымша хабарлаймын: _____________________________________________
_____________________________________________________________________________
Әкем ________________________________________________________________________
Анам_________________________________________________________________________
«____» _________________20____ ж. Қолы _____________________________
2-қосымша
Керекті құжаттар
- Арыз
- Мінездеме
- Аттестат
- №063 анықтамасы (көшірме)
- №086 анықтамасы
- Туу туралы куәліктің көшірмесі
- ИИН – көшірмесі
- Жанұя туралы анықтама
- Фото 3х4 – 6 дана
3-қосымша
№
|
Аты – жөні |
Туған жылы, күні, айы |
Аттестат |
Қай мектепті бітірді. Қай жылы |
Таңдаған мамандығы
|
Мекен жайы телефон номері |
Талапкердің қолы
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
4-қосымша
МАҚАТ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ КМҚҚ
КОЛХАТ № ____________________
Мамандығына қабылдау жөнінде құжаты
_________________________________________________________
(аты – жөні, тегі)
ҚАБЫЛДАНҒАН ҚҰЖАТТАР:
- Арыз.
- Мінездеме
- Медициналық анықтама 086
- Медициналық анықтама 063 (көшірме)
- Туу туралы куәліктің көшірмесі
- ИИН – көшірмесі
- Жанұя туралы анықтама
- Фото 3х4 – 6 дана
- Аттестат №_____________________________
Қабылдау комиссиясының тех. хатшысы кабылдады __________
(қолы)
Қолхат жоғалған жағдайда қабылдау комиссиясына жедел түрде хабарланады (87123521735)
Қабылдау квотасы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде
қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 24-1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін:
1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1 пайыз;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - 0,5 пайыз;
3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2 пайыз;
5) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз.
- «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 17, 157-құжат) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.