Колледжде Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арнап «Мен елімді сүйемін» тақырыбында әскери- патриоттық әндер байқауы болып өтті.
Байқауды ұйымдастырғана"Вокал" үйірмесінің жетекшісі Мереке Құсымқызы.
Мақсаты: колледж студенттері арасында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімін қалыптастыру, өз Отанын қорғау үшін азаматтық парызын және конституциялық міндетін орындауға жауапкершілікке тәрбиелеу.
Байқауға барлық оқу топтарынан үміткерлер қатынасып жеңімпаздар анықталды.. Қорытындысында 1 орынға ие болған 2 курс студенті Отаубай Ақболат алда өтетін облыстық әскери-патриоттық ән фестиваліне жолдама алды.