Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 8наурыз мерекесіне арналып "Колледж аруы - 2018" байқауы өтті.
Бұл шараның мақсаты : қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту. Байқаудың шарттары:
-
"Мен қазақтың қызымын" таныстыру
-
Қыз еркем-кестесімен көркем" қолөнер
-
"Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді" даналық сөздің мағынасын ашу
-
"Өнер көрсету"
-
"Сұлулық сыры" сәндік киім, шаш үлгісін көрсету
-
"Зерделінің ойы озық" сұрақтарға жауап
Байқауға әр оқу топтарынан 6 қыз қатынасып бақ сынасты. Қорытындысында "Колледж аруы - 2018" жүлдесін жеңіп алған 3 курс студенті Мергенова Арайлым. Жеңісің құтты болсын Арайлым!