Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 8 наурыз әйелдер мерекесіне орай салиқалы да сабырлы, өнегелі де өнерлі, ибалы да инабатты, тәлім тәрбиесі мол, көреген келіндерді анықтау мақсатында «Пай, пай шіркін қазақтың келіндері-ай» атты байқауы болып өтті.


Осы шараға 5 келін қатысып, жас қыз-келіншектерге үлгі өнеге көрсетіп бақтарын сынады.Байқауды өткізудегі негізгі мақсат — жастарды ежелден қазақ келіндеріне тән әдемілік пен әдептілік, ізеттілік пен сыпайылық, еркелік пен ұстамдылық, инабаттылық секілді асыл қасиеттерді насихаттау, ақылды да көрікті, үлгілі келінді елге таныстыру. Қатынасқан келіндер өз өнерлерімен

  1. Инабатты келін

  2. Парасатты келін

  3. Өнерпаз келін

Шебер келін номинацияларына ие болса, Анесова Айкөркем "Үздік келін" атанып бас жүлдеге ие болды.