"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік кезінде "Шын жүректен" тақырыбында Доссор кентіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлау мақсатында шара өтті.
Шара барысында колледж студенттері балалармен бірлесе суреттер салып, аналарына ашық хат жазып, ортада өз өнерлерін көрсетті. өткізілген болатын,. Шара соңында студенттердің бастамасымен «Қайырымдылық жәрменкесінен" жиналған қаржыға балаларға түрлі ойыншықтар мен тәттілер сыйланды.