Көктемнің алғашқы күні колледжге бірлік пен берекенің шуағын шаша келді. 1 наурыз -Алғыс айту күнін Мақат мұнай және газ технологиялық колледж студенттері шынайы көңіл күймен қарсы алды. Биылғы жылы бұл күн елімізде екінші рет тойланып отыр. Колледж студенттері ізгі тілектерге толы жүрекшелер арқылы мерекеге өзіндік үлестерін қосты.
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі барша қауымды аталмыш мерекемен құттықтап, ел игілігі, ел болашағы жолында атқарып жатқан еңбктеріне жеміс тілейді.