Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің қамқоршылар кеңесінің

2017-2018 оқу жылындағы №2 отырысының хаттамасы

 

22.12.2017жыл

Доссор кенті.

Қатысқандар:

Колледж директоры Тасбаев Ізтұрған Молдабекұлы

Директордың өндірістік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Бажбенова

Қамқоршылар кеңесінің мүшелері:

  - «Доссормұнайгаз» мекемесінің бас инженері-Мұханов Н.А.

  - Доссор поселкесінің кәмелетке толмағандар  істері жөніндегі бөлімнің полиция инспекторы,полиция капитаны-Қабдол А.Қ.

  - Атырау облысының кәсіркерлер палатасының  Мақат ауданы бойынша  филиалы директоры-Абилгазиев А.К.

  - Мақат аудандық электр жүйесінің басшысы-Кубейсинов Т.Қ.

  - «Доссормұнаймаш» мекемесі диреторының орынбасары-Салиев З.М.

  -«Мақат аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңгері-Исмагамбетова Ә.А.

  -  Ата-ана-Көккузова Г.Ш.

  - ЖК «Мұра» өкілі-Сатмагамбетова Қ.Қ.

  - ЖК «Динарайым» өкілі-Қаржаубаева Р.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Колледж директорының 2017 жыл бойынша колледж қызметі туралы есебі
  2. Өндірістік кәсіпорындар базасында тағлымдамадан өтетін өндірістік оқыту шеберлерінң үлесін арттыру

ТЫҢДАЛДЫ:    

Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе  бойынша директор І.М.Тасбаев колледж туралы есебімен: «Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі» КМҚК қазақ тілінді 14 мамандық 31 біліктілік бойынша білім беру қызметтерін ұсынады. Колледждің студенттер контингенті 355 білім алушыны құрайды, соның ішінде: күндізгі оқыту формасы бойынша 290, сырттай оқыту формасы бойынша 65. Күндізгі бөлімде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша  275 білім алушы оқиды. Колледж әлеуметтік көмекті келесі санаттағы білім алушыларға ұсынады: жетім, ата – ананың қамқорлығынсыз қалған – 4 білім алушы; мүгедек – 5 білім алушы; нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасымен – 24 білім алушы; көп балалы және аз қамтылған отбасалары – 59 білім алушы. Бүгінгі таңда колледжде  мамандықтарды өз дәрежесінде меңгерту үшін оқу орнында 13 оқу кабинеті, 13 цех; 2 лабораториялық кабинет; 1 оқу жаттығу полигоны стандартқа сай замауи оқыту құрылғыларымен толықтай жабдықталған. Білім алушылардың ақпараттық технологиялық   сауаттылығын арттыру бағытында барлық оқу кабинеттері түгелдей компъютерленіп, интерактивті тақтамен жабдықталған. Материалдық  база үздіксіз толықтырылып, жаңартылып отырылады. Кәсіптік білім беруді жаңа сапаға көтеру, оны жұмыс берушілердің талаптарына сәйкестендіру үшін жұмыс берушілермен байланысты өрістетуге баса назар аударылып келеді.

Материалдық базаны жақсарту барысында ЖБ есебінен 11,150,0 бөлініп «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша құралдар, оқу кабинеттерге парталар алынды. РБ есебінен 17,796,0 теңге бөлініп колледжге газель,  асханаға қажетті заттар, жаңа ашылатын «Тоңазытқыш компрессорлық машиналар және қондырғылар» мамандығы бойынша құрылғылар; «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша апараттар; химия кабинетіне толық құрылғылар алынды.

Колледж 2020 жылға дейін ҚР СТ ISO 9001 – 2016 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» талаптарына сәйкес куаландырылды.

Сапалы ыстық тамақтануды ұсыну бойынша жұмыс үнемі жүргізіледі. Күн сайын медициналық қызметкер дайын өнімді бақылайды. Жыл сайын студенттер медициналық тексеруден өтеді, денсаулығында ақауы бар студенттер есепке алынып, үнемі бақылауда болады, уақытында  тиісті емдік шаралар алып отырады. 

Білім алушылар игілігіне 50 орындық жатақхана, 20 орындық кітапхана, 60 орындық асхана қызмет етеді. Жатақхана тиісті төсек-орын жабдықтарымен, телевизор, компьютермен жабдықталған. Кітапханада арнаулы пәндер бойынша әдебиеттерді, оқулықтарды,  электронды оқулықтарды, сонымен бірге интернет жүйесін еркін пайдалана алады. Спортзалда сабақ уақытынан тыс мезгілде де студенттер түрлі тренажерлармен  жаттығып, спорттық жарыстарға дайындалуға мүмкіндіктері бар.

Мақат аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып колледж қабырғасында жәрмеңке ұйымдастырылды. Мақсаты: Бітіруші түлектерге жұмысқа орналасу бағытын түсіндіру барысында.

Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында бітіруші түлектермен Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының Мақат аудандық филиалы директоры кездесу өткізіп бизнес ашу жұмыстарын таныстырды

Колледж оқытушылары мен білім алушылары облыстық шараларға белсене қатысты /конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстел т.б./

Алайда колледж шотына мекемелерден қайырымдылық көмек түскен жоқ. Сондықтан қамқоршылар кеңестің құзіретіне осы мәселеге ықпал етулеріңізге ұсыныс білдіремін

Директордың өндірістік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары-Н.Бажбенова

Өндірістік кәсіпорындар базасында тағылымдамадан  өтетін өндірістік оқыту шеберлерінің үлесін арттыру жөніндегі мәселені талқылай отырып, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері Утегенова Айгерим мен арнаулы пән оқытушысы Барысова Маликаны «Өнерпаз» ЖШС тігін цехына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 15 маусым 2015 жылғы №384 бұйрығының  білім беру бағдарламасы бойынша келісім шарт жасасып, тәжірибеден өтуге қол жеткізіп отырмыз. Қамқоршылар кеңесі қолдап тағлымдамадан өтетін мекемелерді жандандырса деген ұсынысымыз бар.

Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Н.Мұханов:

- Бітіруші колледж студенттерінің жұмысқа орналастыру пайызын көтеру мақсатында өз ойын ортаға салып,өзінің ұсыныстарын айтып өтті.

- Мекемелермен тығыз қарым-қатынаста болу

- Студенттеріміздің білім деңгейін көрсете білу

- Студенттердің жұмысқа орналасуына жағдай жасау

Жоғарыда айтылып өткен барлық жұмыстар бойынша қортынды жасалып,келесі отырыста толықтай талқыланатынын айтты. Жетім және ата-аналар қамқорынсыз қалған  балаларды киіммен қаматамасыз  ету туралы  өте жақсы ұсыныс тастады.

Қаулы:

  1. Қайырымдылық көмек туралы ұсынысты қабылдап, мекеме басшыларына ұсыныс беру
  2. Өндірістік кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтетін өндірістік оқыту шеберлерінің үлесін одан әрі арттыру.

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің

қамқоршылар кеңесінің төрағасы:                                             Н.Мұханов

 

Хатшысы:                                                                                         Г.Көккузова

 

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі:                                                  А.Қабдол

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі:                                                 А.Абилгазиев

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі:                                                 Т.Кубейсинов

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі:                                                 З.Салиев

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі:                                                 Ә.Исмагамбетова

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі:                                                 Қ.Сатмагамбетова

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі:                                                 Р.Қаржаубаева