Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің қамқоршылар кеңесінің
2017-2018 оқу жылындағы №3 отырысының хаттамасы
24.03.2018жыл
Доссор кенті
Қатысқандар:
- «Доссормұнайгаз» мекемесінің бас инженері – Мұқанов Н.А.
- Доссор поселкесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімнің полиция инспекторы,полиция капитаны-Қабдол А.Қ.
- Атырау облысының кәсіркерлер палатасының Мақат ауданы бойынша филиалы директоры-Абилгазиев А.К.
- Мақат аудандық электр жүйесінің басшысы-Кубейсинов Т.Қ.
- «Доссормұнаймаш» мекемесі диреторының орынбасары-Салиев З.М.
- «Мақат аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңгері-Исмагамбетова Ә.А.
- Ата-ана-Көккузова Г.Ш.
- ЖК «Мұра» өкілі-Сатмагамбетова Қ.Қ.
- ЖК «Динарайым» өкілі-Қаржаубаева Р.
- Колледж директоры- Тасбаев І.М.
- Директордың өндірістік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары - Бажбенова Н.Б.
Қамқоршылар кеңесінің күн тәртібінде:
- Колледждің ішкі жағдайы
- Модульдік оқыту бағдарламасын енгізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға баға беру, ұсыныстар
ТЫҢДАЛДЫ
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша колледж директоры І.Тасбаев:
Колледждің студенттер құрамы: Степендия алатын студенттер саны 152; бюджетте оқитындар – 273; дуалдық жүйеде оқитын студенттер – 14; сырттай топта оқитын студенттер – 65. Колледжде әлеуметтік жағдайы төмен студентерге көрсетілген көмекке келетін болсақ 2016 – 2017 оқу жылында 70 студентке; 2017 – 2018 оқу жылында 92 студентке ЖБ есебінен.
Әлеуметтік жағдайы төмен елдімекендердің студенттеріне көмек беру; білім беру мекемесінің жетіспейтін өздеріңіз көрген тұстарын жақсартуға жұмыстанып, ата-анасының асырауынсыз қалған және тұл жетім балалардың лайықты білім алуына жағдай жасап, оларды қоғамға қосуды өз міндеттеріңізге алып, колледждің жұмысын жақсартуға өз үлестеріңізде қоссаңыздыр. Біз Сіздерден нәтижелі жұмыс күтеміз
Сөйлеушілер:
Атырау облысының кәсіркерлер палатасының Мақат ауданы бойынша филиалы директоры Абилгазиев А.К. қамқоршылар кеңесінің мүшесі
Бұл мәселе жөнінде яғни әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге және бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына өзімнің отырыстарымда Мақат ауданына қарасты жеке кәсіпкерлермен талқылап оң шешім болатынын айтып, өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.
Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе бойынша директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Н.Бажбенова
Бүгінгі таңда колледждің арнаулы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері 0910000 «»Электр және электромеханикалық жабдықтар» мамандығы бойынша модульдік оқу бағдарламасын құруда. Модульдік оқу бағдарламасының мазмұны, әрбір тақырыпта білім алушының әрбір модульді өткеннен кейін меңгеруі тиіс негізгі білім, шеберлік, дағдылар мен құзіреттер тізбесі сипатталатындай етіп әзірленуде. Осы бағдарлама бойынша жұмыс берушілер тарапынан білікті мамандар бұл бағдарлама қазіргі таңда қажеттілікті қамтамасыз ететіндігіне өз үлестерін қосса.
Сөйлеушілер:
- «Доссормұнайгаз» мекемесінің бас инженері Н.Мұқанов қамқоршылар кеңесінің төрағасы:
Бүгінгі отырыста өте жақсы мәселелер бой көтеріп отыр. Соның ішінде жұмыс оқу бағдарламасы бойынша мекеме басшысымен келісе отырып жауапты қызметкер тағайындауға жұмыстанамын.
- Қамқоршылар кеңесінің хатшысы; ата аналар комитетінің төрайымы: Ш.Г.Көккузова:
Барлықтарыңызға да бүгінгі отырысқа келіп қатысып жатқандарыңызға рахмет. Бүгінгі қозғалып жатырған мәселелердің бәрі де өте орынды. Мен өз тарапымнан қолымнан келгенінше көмектесемін. Ата – аналармен тығыз байланыста болып осындай іс – шаралармен хабардар етеп отырамын.
Қаулы:
1. Колледж жұмысын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамаларға қолдау көрсету
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің
қамқоршылар кеңесінің төрағасы: Н. Мұқанов
Хатшысы: Г. Көккузова
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі: А.Қабдол
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі: А.Абилгазиев
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі: Т.Кубейсинов
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі: З.Салиев
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі: Ә.Исмагамбетова
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі: Қ.Сатмагамбетова
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі: Р.Қаржаубаева