Өткен аптада Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Электронды үкімет» веб-порталында электронды қызметтерді пайдалану және ЭЦҚ алу тәртібін түсіндіру үшін аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығынан арнайы маман келіп колледж кітапханасында семинар өткізді. Семинарға білім алушылар және қызметкерлер қатысты.
Семинардың мақсаты: Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру аясында е-gov электронды үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы насихаттау.
Халыққа қызмет көрсету орталығынан келген маман семинарға қатысушыларға электронды қызметтер туралы барлық ақпаратты интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы жеке жұмыс түрлерін көрсетті. Колледж студенттері арнайы маманға әр түрлі сұрақтар қойып,өздеріне қажетті мәліметтер мен кеңестер алды. Халыққа қызмет көрсету орталығынан келген маман электронды қызмет алудың артықшылықтарымен қоса, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз пікірін білдірді. «Электронды цифрлы қолтаңба» қызметтері арқылы анықтамалар алуды, балабақшаға кезекке қоюды т.с.с қызмет түрлерін ешқайда бармай-ақ, электронды (онлайн) түрде алу ең оңай әрі жеңіл тәсіл болып саналатындығы түсіндірді. Семинарға қатысушыларөз ойларын білдіріп, электронды үкімет порталының тиімділігі мен мүмкіндіктері көп екенін түсінді.
Кітапханашы Ахатова М