Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 73 жылдығына  арналған  « Желбіре, Жеңіс жалауы» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.  

Өткізілген шараға  Отан алдындағы борышын өтеп келген түлектер шақырылды.  Колледж түлектері  Отан алдындағы борышын өтеу кезіндегі қызықты сәттерді еске алып, Армиямыздың айбынын асқақтататын  болашақ сарбаздарымызға сәттілік тіледі. Колледж кітапханашысы М.Ахатова  «Ешкімде, ешқашан да ұмытылмайды» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.