Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 16 мамыр күні кітапханашы Мереке Ахатованың ұйымдастыруымен 186 топ студенттерімен 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бойынша «Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел» атты тәрбиелік шара өткізді.
Өткізілген шараның мақсаты: Топ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл бағдарламаны таныстыру және оны талқылау, білім алушыларға құқықтық тәрбие беруді күшейту болып табылады.
Шара барысында кітапханашы Мереке Құсымқызы 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына тоқталды. Бұл бағдарлама 36 индикаторды қамтитындығын түсіндіре келе, әр қайсысына жеке-жеке тоқталып түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырғанын, жемқорлықтың зияндылығы жөнінде толық мәлімет берді. Осы орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сыбайлас жемқорлық туралы «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуы тиіс.Жемқорлық –жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз-жемқөорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейтуіміз керек», деген сөздерін мысалға келтірді.Кітапханашының сөзінен кейін 186 топ студенті Мырзаева Ляззат «Жемқорлыққа жол жоқ» атты баяндама оқыды. Шара соңында кітапханашы М.Ахатова «Біз жемқорлыққа қарсымыз»атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап былай қорытындылады. «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.