Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде оқитын студент қыздар арасында психолог Майра Әлкеқызының ұйымдастыруымен "Қызым саған айтам, сен өзің тыңда ...." деген тақырыпта сырласу кеші болып өтті.
Мақсаты: Қазіргі қыздар мен бұрынғы қыздардың тәрбиесі жайлы айтып, қыздарымыздың қазақи ар намысын, ұятынан ажырамай, қазақ қызына тән ибалы болулары жайында түсінік берумен қатар, бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз-ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже екендіктерін ескерсек сол ұлағаттылық ұяда, қазіргі кескін-келбетінен басталатынын саналарына сіңіре айту. Сырласу кешіне көп балалы ана, қазіргі таңда колледж зейнеткері Қойсын Ғилымғалиқызы қатынасып қыз тәрбиесі туралы көптеген мағаналы ой қозғады. Білім алушылар көптеген сұрақтар қойып,ойларын ортаға салды.