Мақат мұнай және газ технологиялық колледж кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында кітапханашы М.Ахатованың ұйымдастыруымен  «Өлкетану тарихы сыр шертеді» танымдық сағат болып өтті.

Мақсаты: Ұлы Жібек Жолының пайда болу, таралу тарихына шолу жасай келе, керуен жолының Қызылқоға өңіріндегі  Таскешу керуен сарайынан табылған тарихи деректермен білім алушыларды таныстыру.

Танымдық кешке Мақат аудандық тарихи өлкетану мұражайының басшысы Айдаралиева Құралай Әлжанқызы мен Мұқашева Бақтылы Бектұрқызы қатысты. Мұражай басшысы Құралай Әлжанқызы  Ұлы жібек жолының Қызылқоға өңіріндегі Таскешу  көпірі мен керуен сарайынның қазіргі кезде бұл жерде құрылыстың қирандысы ғана қалғанын, ондағы тарихи деректер мен көзбен көрген жәдігерлер туралы білім алушыларға әңгімелеп берді. Алып келген жәдігерлермен мұражай қызметкері Мұқашева Бақтылы Бектұрқызы таныстырды.