Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында Мақат мұнай және газ технологиялық колледж кітапханасында   «Руханилылықтың мөлдір бұлағы» атты кітап көрмесі жасақталды.


Мақсаты: Білім алушылар мен ата-аналар арасында рухани-адамгершілік білім беру идеяларын көпшілікке тарату болып табылады. Кітапханашы М.Ахатова жасақталған көрме үш бөлімнен тұратындығын таныстырды. Көрменің бірінші бөлімінде  Сара Алпысқызы негізін қалаған «Бөбек қайырымдылық қорының құрылғанына биыл 20 жыл толатындығын айта келе, колледж көлемінде өткен «Жүректен-жүрекке» сурет сайысымен таныстырды.  Көрменің екінші бөліміне Қазақстандық және жергілікті ақын жазушылардың  қойылған шығармаларын таныстырды. Үшінші бөлімінде «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы  бойынша  қойылған жинақтар,естеліктер дискілер таныстырылды.