Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Адалдық дүкені» ашылды. «Адалдық дүкені» деген атауды иеленген дүкен өз - өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген. Мұнда оқытушылар мен білім алушылар өздеріне қажетті затты алып, ақшасын арнайы жәшікке қалдырады.


Дүкен жұмысы сатып алушылардың сенімі мен адалдығына негізделген. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін дамытып, парасаттылық пен адалдыққа баулуға бағытталған.