Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде ақпан айының 12 жұлдызында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Ұйымдастырған кездесуге арнайы келген ауған соғысы ардагерлері Текеев Серікбай мен Иманғалиев Есмұрат Ауғанстан жеріндегі соғыс қимылдары жайында әңгімелеп өз естеліктерімен бөлісіп, жастардың бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды. Колледж студенттері ардагер ағаларына сый - құрмет көрсетті. Кеш соңы студенттердің концерттік бағдарламасына ұласты.
Ауғанстан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл өтсе де, сол кездегі соғыс жарасынан айыға алмай жүрген жауынгер ардагерлеріміз қаншама. Ардагерлер қашанда құрметке лайықты, оларды қадірлеп, құрметтеу – біздің борышымыз.