Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 2019 жылдың 25 ақпанында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты білім алушылар арасында кейкілжіңнен туындаған даулардың, құқық бұзушылықтың алдын алу.


Осы өткізілген шараға Доссор кентінің ардагері, зейнеткер Үмбетқалиев Жақсылық Үмбетқалиұлы, колледждегі ата - аналар комитетінің төрағасы Шайкунов Марат Ақтілеуұлы, Атырау облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Демегенов Мұрат Нығметярұлы, Доссор полиция бөлімшесінің бастығы Шарипов Елубай және барлық топтардың ата – аналар комитеттерінің төрайымдары қатынасты. Жасөспірімдерге қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге кеңестер берілді.