Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде "Инновациялық жаңашылдыққа көшу: болашақ  маманның белсенділігін, іздемпаздығын, ортаға бейімділігін арттыру» тақырыбында  онкүндік  болып өтті.

 

Мақсаты: Инженер - педагог қызметкерлердің жұмысы барысындағы жаңашыл әдіс - тәсілдерді білім беру  үдерісіне енгізу, шығармашылықпен жұмыс жасау тәжірибелерін зерттеу, үйрену, тарату, педагогикалық - психологиялық  ғылымдардың  жетістігін практикаға енгізу.

 

Онкүндік барысында 8 ашық сабақ (оның ішінде 3 өндірістік), 5 шара шеберлік сынып, шығармашылық көрме, ғылыми - зерттеу байқауы өтті. Жоспарланған сабақ, шаралар өткізу барысында қызметкерлер жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті.

 

Бекітілген шараларды өткізуде оқытушылар мен шеберлеріміз білімін, ынтасын,   шеберлігін;  жаңа инновациялық технологияны меңгеруге, педагогикалық жұмыста пайдалануға қабілеттерін; шығармашылықпен  жұмыс жасай алатындықтарын танытты.

 

Білім алушылар үш тілде білім алуға ынтасын, мүмкіндіктері бар екендерін сабақ беру де байқатты.

 

  

 

Өндіріс оқыту шебері Уразгалиева Жұлдыз  өзінің  «Деформациялық  манометр» сабағында білім алушыларға деформациялық манометрлер, олардың түрлері, құрылысы және жұмыс жасау принципі жайлы түсінік беру  арқылы  үштілділікті пайдалану арқылы ағылшын тілінде термин сөздерді үйретті.

 

Физика пән оқытушысы Утегенова Сагыныш  « Өткізгіштерді тізбектей және   параллель жалғау» тақырыбында өткізген сабағында өткізгіштерді тізбектей және  параллель жалғау туралы мағлұмат беріп, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбектер құрастыра білуді үйретті.

 

   

     

Бұл сабақта  білім алушылар алған  білімдерін  тәжірибе  жұмысымен ұштастырды.

 

  

 

Өндіріс оқыту шебері Журалиева Гүлдана  196 топ білім алушыларымен «Скважинаны ағымды жөндеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

Өткізілген сабақта   скважинаны ағымды жөндеу жұмыстарын түсіндіру, мұнай өндіру қондырғыларының жабдықтарын қолдана отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді  білім алушылар үйренді.

    

 

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  оқытушысы  Ахатова Мереке  «Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі. «Дүние мен өмір» өлеңі  тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

Сабақ барысында жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыздың өмір жолы мен шығармаларының тарихи мазмұны мен мағынасы туралы  білім алушылардың білімін жетілдіре түсті .Сабақ төрт топқа бөлініп өткізілді. Әр топ өз беттерінше  өз ойларын бөлісіп, пікірлерін қорғай білу дағдыларын дамытып, білім алушылардың бойындағы ақынның өміріне деген қызығушылықты арттыра түсті.Сабақта СТО технологиясының әдістерін қолданды.