28 наурыз күні Атырау қаласында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру аясында «Жастардың болашағы бүгіннен басталады» атты облыстық конференцияға Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің «Механикалық өңдеу, өлшеу – бақылау құралдары және өндірістегі автоматика» мамандығының І курс, 197 тобының екі б3л3м алушысы Аманкельдиева Жаннұр (жетекшісі Ахатова М.) және Жәрдемова Мархабат (жетекшісі Молдабекова С.) қатысты.
Аманкельдиева Жаннұр «Жастар – болашақтың тірегі» атты баяндама қорғады. Мақсаты: Жастардың бойына патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды дарыту, ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Баяндамада рухани жаңғыру аясында колледжде өткізілген шаралар қоғамдық сананы жаңғырту, тарихи-мәдени мұраларымызды ұлықтау, ұлттық дәстүр, қол өнер шеберлігін дамыту, туған жердің тарихын білу тәрізді сан алуан тақырыптарды қорғады.
Жәрдемова Мархабат «Заманауи көптілді білім берудің болашағы» тақырыбында үш тілді меңгеру — заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі екендігін атап көрсетті. Көптілді білім — көп мəдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілеттерін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту заман талабы десек, оның негізгі мақсаты — бірнеше тілді меңгерген, əлеуметтік жəне кəсіптік бағдарға қабілетті, мəдениетті тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру болып табылатындығын мысал ретінде дәлелдеді.
Мысалы: І курс 197 топ студенті Аманкельдиева Жаннұр ағылшын тілінен облыстық олимпиаданың жеңімпазы атанды. «Тілі бірдің — тілегі бір», «Тіл тағдыры — ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі — тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше, жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мəңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу — басты міндетіміз.