2019 жылдың 13 ақпаны күні С.Мұқашев атындағы Атырау политехниалық жоғары колледжінде «Мұнай-газ ісі» бағыты бойынша колледж студенттеріне арналған облыстық пәндер олимпиадасы өтті.
Мақсаты: қабілетті, дарынды студенттерді іріктеу, қолдау көрсету, студенттердің мамандыққа қызығушылығын арттыру. Олимпиадаға 186 топ студенті Хайрошева Алина қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Жұмағалиева Алтынға олимпиада жүдегерін дайындағаны үшін сертификат табысталды.
2019 жылдың 14 наурызы күні Атырау Бизнес және Құқық колледжінде өткен «Жас ұрпақтың саналы білімі – ұлтық дамуға жету жолы» атты дәстүрлі ХІІ Облыстық Олимпиадаға Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінен 7 студент қатысты.
Олимпиаданың мақсаты: ҚР бәсекеге қабілетті, білімі мен кәсіби біліктілігі жоғары жастарды дайындау, жастардың білім сапасын арттыру.
«Физика және Астрономия» пәні бойынша қатысқан ІІ курс 190 «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика» тобының білім алушысы Жакенов Аян ІІ дәрежелі дипломмен (жетекшісі С.Утегенова), «Ағылшын тілі» пәні бойынша қатысқан І курс 197 «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика» тобының білім алушысы Аманкелдиева Жаннұр ІІІ дәрежелі дипломмен (жетекшісі С.Молдабекова) марапатталды. Аталған білім алушыларды дайындаған жетекшілері Сагыныш Максутбаевна мен Салтанат Ізтұрғанқызы «Алғыс хатпен» марапатталды. Химия пәнінен қатысқан І курс 197 «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика» тобының білім алушысы Ғарифоллақызы Ұлмекен және тарих пәнінен қатысқан І курс 187 «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика» тобының білім алушысы Төлегенов Алмат жақсы білім көрсеткендері үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.