Кәсіптік білім беруді жаңғыртудың төте жолы - дуальді оқыту жүйесі
Бүгінде кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңартудағы қолға алынған маңызды жобалардың бірі-дуальды білім беру жүйесі. Дуальды білім беру жүйесі – теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік беретін оқыту бағдарламасы.Білім беру мекемесі мен өндірісте қатар білім алу.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы мақсат - міндеттерін жүзеге асыру мақсатында Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі дуальды оқыту жүйесін тәжірибеге енгізу жолдарын қарастырып, 2019 - 2020 оқу жылынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ қолдап колледж бен кәсіпорын арасында ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
1114000 «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша ІІІ курс білім алушылары: Досахов Нұрхат, Елтаев Әділхан, Қисметов Қанат, Жолдығалиев Асылхан және Мейрам Ниязбекпен «Ембімұнайгаз» АҚ мен үш жақты келісім шарт жасалып, білім алушылар қазіргі таңда «Жайықмұнайгаз» және «Қайнармұнайгаз» басқармасына қарасты өндірісте ақылы кәсіптік практикадан өтуде.