Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде кітапханашы Ахатова Мереке Құсымқызының ұйымдастыруымен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» апталығы аясында жатақхана студенттерімен «Мейірбан біздің панамыз, Алтын жүректі анамыз» атты өнеге сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақстанның бірінщі ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Шара барысында білім алушыларға балалардан қамқорлығын аямаған, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан - салалы қайырымдылық қызметі туралы әңгіме қозғалды. Студенттер Сара Назарбаеваға арнап өлең жолдарын және арнаулар оқыды. Бейнебаян көрсетіліп, студенттер өз пікірлерін айтты.
Тақырыпқа байланысты кітап көрмесі жасақталып оқырмандарға түсіндірілді. Өткізілген өнеге сағаты Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ғибратты тілегі мен қорытындыланды.