Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің кітапханашысы Мереке Құсымқызы ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Ұлы Абай Құанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай мұражайы - тарихтын таңбасы» тақырыбында онлайн - сабақ өтті. Сабақ барысында қазақтың бас ақыны, ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың Жидебайдағы мұражай - үйімен таныстыра отырып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы студеттерге толық мағлұмат берілді.