ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 наурыздағы №108 «Пандемия кезінде білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылында көктемгі каникул кезеңінің мерзімін өзгерту және COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы » бұйрығына, Атырау облысы Білім беру басқармасының  2020 жылғы  14 наурыздағы №102 бұйрығына сәйкес

Мақат  мұнай және газ технологиялық колледжінде   атқарылған шаралар  

  1. Оқу орнында аталған бұйрықтарды, колледж директорының 03.2020 жылғы №12 бұйрығы бойынша қашықтықтан білім беру технологиясы  енгізілді
  2. Әкімшілік білім алушылармен, педагогтармен, басқа қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді: 1) денсаулық сақтау, сақтық шаралары; 2)қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жұмыстары;
  3. Оқытушылардың ақпараттық- коммуникативтік сауаттылықтарын арттыру мақсатында оқыту семинарлары ұйымдастырылды:
  • «Электронды платформалармен жұмыс жасау: электронды пошта, WhatsApp, телеграмм, google. Classroom, т.б.»;
  • «Электронды журнал, Электронды ресурстарды пайдалану»
  • «Білім алушылармен онлайн сабақтар жүргізу: zoom, т.б.»;
  • «Видеосабақтар түсіру: Сamtasia, Skreencastify, т.б.»
  • Қашықтықтан ZOOM конференция: «Quizizz сайтында тест тапсырмаларын құру»
  1. Видеосабақтар дайындалды:
  • «Механикалық өңдеу, өлшеу- бақылау құралдары және өндірістегі астоматика» мамандығы студенттері үшін «Бір кристалды микроконтроллер» тақырыбымен - арнаулы пән оқытушысы Құлымжанова Ж.
  • «Электр және электромеханикалық жабдықтар» мамандығы студенттері үшін «Электр станциялардың күштік электр тжабдықтары» тақырыбымен арнаулы пән оқытушысы Уразгалиева Ж.
  • «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы студенттері үшін «Штангілі винттік сорап қондырғылары мен скважиналарды пайдалану» тақырыбында арнаулы пән оқытушысы Дүзелбаева М.
  • Информатика пәні бойынша «Microsoft Exsel бағдарламасы» тақырыбымен информатика пәні оқытушысы Текеева А.
  • «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша Өндірістік оқыту шебері Барысова М. «Ерлер шалбарын тігу технологиясы»;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Ахатова М. «А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» және «Ат пен есек» өлеңі»