Дәнекерлеу ісі
Мамандығы: 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 3W07150501 Электргазымен дәнекерлеуші
Оқыту мерзімі: Негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай
Мамандыққа жалпы сипаттама
Дәнекерлеу ісі - мамандығын игеру барысында металдарды пісіру өндірісінің негіздері, металдарды қол доғасымен, жартылай автоматты, қорғағыш газдар және флюс астында пісіру, балқыма қабаттарын құю әдістері мен газ жалынымен пісіру, кесу, жанастырып пісіру технологияларын орындайды.
Металл мен материалды, жұмыс орнын дәнекерлеуге дайындау;
- күрделі емес біріктірулерді жинау;
- құбырлардың бұрылмалы, бұрылмайтын түйіспелерін орындау,
фланецтердің бұрыштық, сақиналы түйіспелерін орындау;
- Барлық жазықтық жағдайында, әр түрлі конструкцияларды, аз көміртекті және төмен легірленген болатты қолмен доғалы дәнекерлеу – ҚДД /
Газ жалынымен өңдеу / ГЖӨ
- Металдарды дәнекерлеу түрлерінің, қосылыстарының, жіктерінің классификациясын білуі.
- Қолмен доғалық және газ жалынымен, жартылай автоматты дәнекерлеуге арналған жабдықтарды білуі;
- Әр түрлі конструкциядағы дәнекерлеудің ерекшеліктерін білуі;
- Қолмен доғалық дәнекерлеудің жоғары өндірісті әдістерін білуі;
- Дәнекерлеу қосылыстарының ақаулары мен жалпы жағдайларын бақылай білуі;
Бітірушілердің кәсіптік қызмет сферасы:
Білім алушылар алған мамандықтары бойынша атқара алатын қызмет түрлері олар төмендегідей:
- Дәнекерлеу қондырғысы мен аппараттарының құрлысы мен жұмыс жасау принципін біледі;
- Металл және материалдарды қол доғасымен / газ жалынымен дәнекерлеуге дайындауға слесарлық жұмыстарды атқара білуі; қауіпсіздік техникасының ережесі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, жұмыс орнын ұйымдастыра біледі.
- Дәнекерленетін құрылымдардың сызбасына қарап оқи біледі;
- Құрылыс мантаждау алаңдарында пісіру жұмыстарын атқара алады.
- Жабдықтарды пайдалану кезіндегі пайда болатын ағымдық сипаттағы ақауларды анықтау және жою жолдарын біледі;
Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері:
- Ембергенов Назарбек Даулетназарович – өндірістік оқыту шебері; Кунгарад қаласының №7 орта техникалық училищесі;
- Далабаева Нұргүл Есенбекқызы – арнайы пән оқытушысы; Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық техникалық университеті.
https://mtkig.edugov.kz/kz/mamandy-tar/165-d-nekerleu-isi-2.html#sigFreeId409665b682