03.03.2022 жылы Мақат мұнай және газ технологиялықколледжінде "Мұқағали - мәңгілік жыр" атты бірлестіктер сайысы өткізілді.
Мақсаты: Ақиық ақын, артына өшпестей із қалдырған Мұқағали Мұқатаевтың өлеңдерін оқырмандарға дәріптей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Сайыс 4 кезеңде өткізілді:
1 кезең: Таныстыру
2 кезең: Мұқағали өлеңдерінен 1 өлеңін мәнерлеп айту
3 кезең: Мұқағали әндерінен 1 әнін айту
4 кезең: Мұқағали шығармаларынан көрініс.
Көрермендер Мұқағалидің жырларын, сырлы әуендерінен рухани азық алды.
Әр бірлестік " Көркемсөз шебері", " Өлең сөздің патшасы" номинациялары мен жүлделі орындармен марапатталды.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/176-m-a-ali-m-gilik-zhyr-atty-birlestikter-sajysy-tkizildi.html#sigFreeId38985c5f48