Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттері колледж ұжымы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен Балалар жылы аясында көңілді кеш өткізді. Көңілді бағдарлама шымылдығын Есенжанов Қуаныш әдемі әнмен ашты. Келген балаларға аниматорлардың дайындаған түрлі ойындарында ерекше белсенділік танытқаны үшін тәтті сыйлықтар табыс етілді. Шара соңында балалар батутта ойнап мәз болды. Әр уақытта аспандары ашық, дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз!