«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай колледж кітапханашысы Ахатова Мереке «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінің мақсаты - ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау мен оқырмандарды А. Байтұрсынұлының әдеби мұрасымен таныстыру.
«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесіне көптеген материалдар ұсынылды: энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалар, көркем әдебиет және ағартушы туралы әдебиеттер, төрт томдық шығармалар т.б.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/195-ltyn-ly-ta-an-ly-t-l-a-atty-kitap-k-rmesi-jymdastyryldy.html#sigFreeId7e4bc72d58