Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өршуіне жол бермеу, салауатты өмір салтына деген салғырт көзқарастың кесірінен темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлық сияқты зиянды әдеттер көбеюде.

Осы мақсатта жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың, зиянды әдеттердің алдын алу үшін Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Асия Қайыржанқызының ұйымдастыруымен 2022ж 18 қазан күні «Жасөспірім және қоғам» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында Мақат аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы Маржан Бейсенбайқызы қылмыс түрлерінің өршу себебі мен олардың алдын - алу жолдары туралы түсіндірсе, Доссор селолық емхананың фельдшер нарколог Тажибаева Салима зиянды әдеттердің алдын алу туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Өз кезегінде студенттер тақырыпқа байланысты көкейкесті сұрақтарымен бөлісті.