«Менің Отаным - Қазақстан» атты кітап көрмесі

Мақат мұнай және газ технологиялық колледж кітапханасында Республика күніне орай «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітап көрмесі білім алушыларға таныстырылды.

Көрменің мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай - ақ еліміздің әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.

«Менің Отаным - Қазақстан» кітап көрмесінде жергілікті ақын - жазушыларымыздың туған жер туралы әдебиеттері, сондай - ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар ұсынылды.