25 қазан Республика күні ұлттық мерекесіне орай Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің 3 курс «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» және 2 курс «Дәнекерлеу ісі» тобының білім алушыларының ұйымдастыруымен «Тұғыры биік Қазақстан» атты тәрбие шарасы өткізілді.

Шарада колледж студенттері ел егемендігі мен тәуелсіздігін дәріптейтін тарихи деректер келтіріп, отансүйгіш тақырыптарында әндер шырқап, би биледі.