Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал студенттер арасында өтті.

Бағдарламасы:

1.Қолөнер сайысы

2.«Күз келбеті» суреттер сайысы

3.Күзгі сән үлгісі

4.Күзгі салат дайындау.

Мақсаты: Білім алушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу.

Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.