Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 2022 жылдың 15 қараша «Жұмыс беруші күні» аталып өтті. Іс - шара бағдарламасына сәйкес колледж бойынша экскурсия жүргізіліп, «Электр жабдықтарын монтаждаушы» біліктілігі бойынша білім алушыларға тоқ желілерін монтаждау тәсілдерін практика жүзінде

«Доссормұнайгаз» МГӨБ энергетика бөлімінің басшысы Жұмабай Нұрбайұлы көрсетті. Жұмыс берушілермен бірге диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өтті. Мұнда «жұмыс беруші портреті», «жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері» атты іскерлік ойындары колледж әдіскері Майра Әлкеқызының ұйымдастырумен өткізілді. «Кәсіби білікті мамандар даярлаудағы жұмыс берушілердің ролі» тақырыбында дөңгелек үстел болып, колледж басшысы Ізтұрған Молдабекұлы колледж тынысымен таныстырып, «Доссормұнайгаз» МГӨБ электромеханикалық бөлім бастығы Жұмабай Нұрбайұлы кәсіптік тәжірибе өткізу кезіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Кәсіптік және техникалық білім беру ісінде қаралған бүгінгі іс - шарада жиналған жұмыс берушілер өз пікірлерін ортаға салып, кейбір мәселелер шешімін тапты. Сонымен қатар «Доссормұнайгаз» МГӨБ бастығы Әбдиев Серік Амангелдіұлы мен «Атырау Жарық» АҚ МАЭЖ - нің бастығы Марабаев Руслан Таңатұлы Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрі А. Аймағамбетовтің алғыс хатымен және Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Н. Сүйінбаевтың алғыс хатымен марапатталды.