17 қараша күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің 1 курс студенттері студенттік билет алып, ресми түрде студент атанды.

ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталған салтанатты жиынның алғы сөзі колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асия Қайыржанқызына беріліп, ол колледждің жетістіктері, студенттердің жетістіктері туралы сөз қозғады.

Одан әрі колледж басшысы Ізтұрған Молдабекұлы студенттерді құттықтап студенттік билеттерін тапсырды.

Осы мерекеге арналған «Student’s party» мерекелік шарасы студенттік парламент мүшелерінің және жетекшісі Алтын Айтмұханқызының ұйымдастыруымен өткізілді.

Салтанатты кеш өнерпаз жастардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. «Студенттің бір күні» әзіл көріністермен, би билеп, әуезді әндер шырқалды.