Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде ерте жүктіліктің алдын - алу мақсатында қыздар арасында 2022 жылдың 16 қарашасында колледжде оқитын кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын алу және отбасын жоспарлау туралы репродуктивті сауаттылықты жоғарылату жөнінде санитарлы - ағарту жұмысын жүргізу мақсатында «Қыз баланың бой жетуі» атты Доссор аудандық аурухананың акушер - гинекологы Бакранова Ғалия кездесу болып өтті.
Кездесу барысында жастықтың дәмін татпай жатып, зарын тартатын жас буын өкілдеріне керек емес жүктіліктің болашағына, денсаулығына тигізер кері әсері туралы толыққанды мәлімет берді.
Қыздарды сөзге тартып, өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын ортага салуға мүмкіндік бере отырып, Ғалия Қайроллақызы кәмелет жасына толмаған жастардың аятын аңдап басудың басты алғы шарттарымен таныстырды.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/213-yz-balany-boj-zhetui-audandy-aurukhanany-akusher-ginekology-bakranova-aliya-kezdesu-bolyp-tti.html#sigFreeId41f58fac01