Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде жоспарға сәйкес «Буллинг - кибербуллинг», «Суицид», «Электрондық темекі» тақырыбында колледж психологы Г. Тұрланқызының ұйымдастыруымен тәрбиелік шарасы өткізілді.
Осы шараға 1 - 2 курс білім алушылары, топ жетекшілер қатынасты және Доссор Орталық мешітінің имамы Мухамеди Мағжан қонақ ретінде шақырылды. Қазірғі таңда буллинг және кибербуллингтің жасөспірімдер арасында ерекше орын алып отырғаны, оның агрессиялық сипаты, түрлері және құрбаны көбінесе жасөспірімдер, әсіресе қыз балалар арасында жиі кездесіп отырғаны туралы баяндалып, шарасыздықтан шығу жолдары туралы түсінік берілді.