2022 жылдың 15 қараша күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Жұмыс беруші күні» болып өтті. Аталған шара техникалық кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында маман кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында болды. Шараға аудан бойынша барлық мекемелерден маман кадрлар және қоғам белсенділірі қатысты.​​​​​​«Жұмыс беруші күні» шарасына жиналғандар алдымен колледж кітапханасымен танысты.Кітапханашы М.Ахатова мамандық бойынша барлық оқу әдебиеттермен және «Оқуға құштар» жобасы бойынша аталған оқулықтармен таныстырды. Әр маман иелері өз мамандытары бойынша сұрақтар қойды. Кітапханашы М.Ахатова барлық сұрақтар бойынша нақты жауап берді.